Сұхбат кезінде ұлына "көмектескен" анасы жігітті жұмыстан айырды
Компанияға жаңа қызметкерлерді іздейтін және жалдайтын қызметкер әңгімелесу кезінде анасының ұлына көмектеспек болып, оны жұмысқа тұру мүсмкіндігінен айырған оқиға жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Пікір білдірушілердің көбісі бұл шешімді дұрыс деп санаған және ұлына артық қамқорлықтан арылуға себеп болады деп үміт білдірді.
Пайдаланушының айтуынша, ол технологиялық компанияда жұмыс істейді және сол уақытта жазғы жұмысқа тәжірибеден өткен. Жағдай коронавирустың таралуы кезінде орын алды, сондықтан сұхбат Zoom бейнеконференция қызметі арқылы өткен.
Сұхбат бастала сала бірнеше минуттан кейін 19 жастағы өтініш берушінің анасы әңгімеге еніп, ұлы туралы өзінің пікірімен бөлісе бастаған. Сұхбат алушы қызметкер сыпайы түрде жігітке сөз беруді сұраған. Осыған қарамастан, анасы сұхбатқа бірнеше рет араласқан.
Ғалымдар 25 жыл қашықтан жұмыс істеген адамның түрін көрсетті
"Бір ай өткен соң, әйелден ұлының өтініші бойынша қандай шешім қабылданғаны туралы сұраған электрондық хабарлама алдым. Ол шақыру немесе жұмыстан бас тарту жайлы хабарлама келмегеніне наразы болды", — деп жазды жұмысқа сұхбат қабылдаған қызметкер.
Қызметкер әйелге мұндай әрекеті баласына жағымсыз әсер еткенін айтқан және бұл жағдайды түсінетінін, себебі ол жасөспірім кезінде анасынан шектен тыс қамқорлық сезінгенін айтады. Айтуынша, ол әйелге жұмыс берушінің шешімі туралы тек өтініш беруші ғана ақпарат ала алады деп жауап берген.
Сондай-ақ, ол әйелдің сұхбатқа кедергі келтіруі жігітке жұмыс беруден бас тартуға себеп болғанын түсіндірген, өйткені компания жұмысқа тәуелсіз, өздігінен шешім қабылдай алатын адамдарды іздейді. Пікірлер білдірушілердің көбісі қызметкердің бұл шешімімен келіскен.
Бірқатар қолданушылар оған жігіттің өзіне де жұмыстан бас тарту себептері туралы жеке хабардар етуге кеңес берген.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
