Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды

Астанада жол полицейлері мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіні ұстады. Алайда, тәртіп бұзушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкері болып шықты. Тексеріс барысында ер адам өзінің қызметтік куәлігін көрсеткен.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жол полиция қызметкерлері жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде видеоға түсіріп алған. Жазадан қашуды көздеген жүргізуші  өзінің қызметтік куәлігін көрсеткен. Әлбетте төзімі таусылған жол полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметкердің құжаттарын суретке түсіріп, осындай амалға барған.

Тексеріс барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. Ал, бұл үшін ол үш жылға дейін жүргізуші куәлігін айырылады. Сондай-ақ, жүргізішінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкері екені расталды.  Бірақ, тәртіптік комиссияның шешімімен ол қызметінен босатылды.

608-бап бойынша (көлікті мас күйінде жүргізу) әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша ұсталған адам орташа жағдайда мас болған.

Жіберіп алмаңыз:

Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен ажырасу себебін айтты

Астана білім басқармасы жоққа шығарды: Пәтер суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізген оқиға

2018 жылғы оразаның қашан басталатыны белгілі болды

Оралда жалғызбасты әке бес баласын жалғыз өзі асырап отыр

Талқылау