Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығын 52 миллион теңге: Қарағандыда “Sincere Systems Group” пирамидасын құрғандарға қатысты тергеу аяқталды

yandex.kz Sincere Systems Group

Фото: yandex.kz

Қарағанды облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті “Sincere Systems Group” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл қаржы схемасы шетелдік инвестициялық компания ретінде көрініп, азаматтарға жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция құюды сонымен қатар, медициналық каннабис өсіру мен сату, сондай-ақ басқа да "инновациялық" бағыттар ұсынынған.

Алаяқтық схеманы заңды әрі ашық етіп көрсету үшін жеке кабинеттері бар арнайы сайт әзірленген. Қолданушылар өз шоттарын SWP және SWCT ішкі токендерімен толықтырып, оларды фиат ақшасына айырбастай алған. Алайда салымшылардың қаражатын күдіктілер өз қажетіне жаратқан.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 52 миллион теңгеден асты.

"Сот санкциясымен Астана және Теміртау қалаларында орналасқан күдіктілердің жалпы құны 76 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үй қамаққа алу және елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген хабарламада.


Инвесторларға арналған салықтық жеңілдіктер 2025 жылдан бастап күшіне енеді


"Шығын 59 миллион теңгеден асты": Павлодарда АҚШ-тың жарнамалық платформасы деп қаржы пирамидасын ұйымдастырған


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда серверге заңсыз кіріп, зиянды бағдарлама орнатқан хакер ұсталғанын жаздық. Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиян бағдарламалар орнатқан. ҰҚК тінту барысында кибершабуыл кезінде қолданылған заттай айғақтар тәркілеген.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 06 Тамыз, 2025 10:41
Талқылау
`