Светлана Жақыпова Тамара Дүйсенованың орнына еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Светлана Жақыпова Тамара Дүйсенованы алмастырып, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген ақпаратта.
Жақыпова бұған дейін Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі болған еді.
Светлана Жақыпова 1991 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын бастаушы мектепте ұзартылған күн тобының тәрбиешісі және бастауыш сыныптардың мұғалімі болып бастаған. Кейін орта мектепте математикадан сабақ берген. 1997-1998 жылдары – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК-ның Ақмола қалалық бөлімінің операциялық есеп жүргізу бөлімінің бас маманы, аға маманы болған.
Әр жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.