Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйіп алдым": Айжан Байзақованың екінші күйеуімен қалай танысқаны белгілі болды

Атышулы Айжан Байзақова күйеуін көпшілікпен таныстырғанды жөн көріп, оқырманның ашық сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/bayzakova

Блогер сүйіктісімен қайда және қалай танысқанын айтып берді.

“2021 жылдың сәуір айында караокеде таныстық. Құрбыларыммен қыдырып жүргенбіз. Ол салмақты түрмен кіріп келді. Бізді таныстырды. Көңіл көтеріп, қыдырып, қайтып кеттік. Күйеуімді бірінші боп құрбым ұнатып қалды, бірақ құрбым оған ұнамаған. Ал мен оларды сөйлестірудің амалын ойлап жүргенмін. Басында дос боп араластық, бірге көңіл көтердік. Күйеуімнің айтуынша, ол бір сәтте маған ғашық болып қалғанын түсінген. Менің “жынды” екенімді де біледі. Бірақ алғашқы қадам жасауға батпаған, себебі мені қарындасындай көрген. Бірақ біз, әйелдер, барлығын сеземіз. Жағдайды өз қолыма алып, оны бірінші боп сүйіп алдым. Ол менен мұндайды күтпеді, бірақ бақыттан бал-бұл жайнағаны көрініп-ақ тұрды. Сөйтіп жігітті тартып алдым. Бір кездері маған қарындасындай қараған адам, қазір жанымнан бір елі шықпайды”, – деп жазды Айжан Байзақова. 

Сондай-ақ ол күйеуі Нұрбек пен ұлы Аланның қарым-қатынасы туралы да бар шындықты айтты.

“Біріншіден, Аланға ғашық болмау мүмкін емес. Ол өте ашық бала, кез келгенді баурап алады. Ол бірінші рет Нұрбектің ата-анасын көргенде: “Ата, апа” деп алдынан жүгіріп шыққан. Екіншіден, күйеуім – балажан. Ол Аламен ара қатынасы қалай болар екен деп қатты қобалжыды. Сонда мен оған: “Уайымдама, ұрысатын кезде ұрыс, құшақтағың келсе, құшақта. Не сезсең, соны істе” дедім. Үшіншіден, күйеуімнің Аланға деген қарым-қатынасының жаман екенін көрсем, біз үйленбес едік. Ол – менің балам, күйеуімнің оны туғанындай жақсы көруден басқа амалы жоқ”, – дейді атышулы блогер. 

Бұған дейін Айжан Байзақова көпшілікке күйеуін көрсеткен болатын.

Талқылау