Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісі тастап кеткен жігіт қызды отбасымен бірге атып өлтірген

Бақытсыз махаббат Мәскеуде төрт адамның өмірін қиды. Ер адам қызымен айырылысқанына шыдай алмай, оның үйіне келіп, қызды бүкіл отбасымен бірге өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Мәскеудің солтүстігінде орналасқан пәтерде орын алған. Көршілер атылған оқтың дауысын естіп, дереу полицияға хабарласқан.

Бұл пәтерде 24 жастағы Елизавета Хлюпина ата-анасымен және інісімен бірге тұрған. 18 маусымда түстен кейін оған бұрынғы жігіті келген. Олар ұрысып қалған соң, жігіт карбинаны алып, қыздың басынан атқан. Осыдан кейін ол Елизаветаның 52 жастағы анасымен, 2016 жылы тулған інісін дәл осылай атып тастаған, артынша оқиға орнында өз-өзіне қол салған.

Кейін белгілі болғандай, қылмысты 21 жастағы Севастьян Путинцев жасаған. Кіреберістегі домофонның бейнекамерасына қаскөйдің үйге қалай кіріп бара жатқаны түсіп қалған.

РИА Новости хабарлағандай, ер адам "Сайга-12-1" тегіс ұңғылы карбинасымен және MP-80-13T тапаншасымен қаруланған. Ол бұл қаруларға лицензияны осы жылы алған деген болжам бар.

Бұрынғы сүйіктісінің қолынан көз жұмған Елизавета Хлюпина модель болған, шоулар мен фотосессияларға қатысқан, деп хабарлайды Mash Telegram арнасы. Былтыр қыз Слава Зайцевтың модельдік агенттігінде курстан өткен. Ол жігітімен аз уақыт бұрын айырылысқан, бейсенбі күні жігіт қыздың үйіне қару-жарақпен келді.

Қызды өлтірмес бұрын жігіт оның қолын кісендеп, кейін арудың басынан атқан. Бөлмеде қыздың денесімен бірге жігіттің денесі табылды.

Хлюпина мен Путинцев шамамен бес жылдай уақыт кездескен, олар мектепте оқып жүрген кезде танысқан. Бұл жайлы "360-қа" Хлюпинаның құрбысы айтты. "Ол жігітімен белгілі бір мәселе бар екенін, оның бәріне қызғанышпен қарайтынын айтты және қарашада онымен айырылысуға бел буды. Бірақ содан кейін олар қайтадан қосылып, тағы біраз уақыт кездесіп жүрді, кейін ресми түрде наурыз айында екеуі айырылысып тынды", - дейді Валентина.

 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 08:46
Талқылау