Сүйіктісі сезімін қабылдамаған. Алматыда жас жігіт шатырдан секірмек болды
Алматыда 21 жастағы жігіт жауапсыз махаббаттан өз-өзін өлтірмек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың ПД баспасөз қызметінің мәліметеріне сүйенсек, сүйіктісі сезімін қабылдамағандықтан жігіт ол жұмыс істейтін дүкеннің шатырына шығып алған. Кешкі сағат 8-де болған оқиғаны көруге бірнеше куәгерлер жиналып үлгерген.
"Біз батыл әрекет етуді шештік: төбеге шығу үшін екіге бөлініп көтерілдік", - деді Алматы қаласы ПД патрульдік полиция инспекторы Абылайхан Оқас.
- Оқушы қыз тамырын кесіп тастады: Арыста ер адам желі арқылы жасөспірімдерді суицидке итермелеген
- "Бұл еліміз үшін өте ұятты көрсеткіш": Иманғали Тасмағамбетов Қазақстандағы суицид деңгейінің жоғарғы деңгейі жайлы
"Әріптестерім баспалдақтан шығып, жарнама тақтасына шықтым", - деп атап өтті патрульдік полиция қызметкері.
Алматы қалалық ПД қызметкерінің айтуынша, олар жігіттің көңілін аулауға тырысқан.
"Жігіт төменге секіруге әрекет жасай бастады. Осы сәтте менің әріптесім шығыс жақтан жүгіріп келіп, оны ұстап алып, қайтадан шатырға шығарды, - деді Ақберген Төлегенов.
Нәтижесінде жігіт аман-сау жерге түсірілді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
