Сүйгенін бұтақтың астына көміп кеткен қылмыскер апелляциядан бас тартты

Сүйгенін бұтақтың астына көміп кеткен қылмыскер апелляциядан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сүйгенін өлтіріп, бұтақтың астына көміп кеткен қылмыскер апелляциядан бастартты

Адам өлтірді деп абақтыға тоғытылған Владимир Братищев сот шешімін қайта қарауға құлықсыз. Алматы облысында сүйген қызын өлтіріп, бұтақтың түбіне көміп кеткен 18 жастағы жасөспірім апелляциядан түбегейлі бастартқан. Қылмысы үшін ол қатаң режимде 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Владимир Братищевтің жақындары бұл шешіммен келіспейді. 

Елена Братищева інісінің мұндай әрекетке барғанына сенбейді. 9 жасынан бастап әпкесі мен ағасының қолында тұрған Владимир Братищев енді өмірінің жартысын колонияда өткізетін болады. Әпкесі інісін енді бірталай жыл көрмейтінін ойласа, жүрегі қанжылайтынын айтты.

"Үнемі күліп, барлығына көмектесіп жүретін. "Сілеметсіз бе? Қалыңыз қалай" деп жағдайыңды біліп тұратын. Адам өлтіретіндей агрессия болып көрген емес. Бұл оқиғаның орын алғанына әлі сенеалар емеспін", - дейді Елена Братищева.

Агрессиясы болмағанмен, қатты қызғаншақ еді деп естеріне алады туғандары. Сүйген қызымен болашаққа үлкен жоспарлар құрып жүрген дейді олар. 

Владимир Братищевтің жазасын өтеуіне байланысты сот шешімі шығып, 18 жастағы жігіт қамауға алынған. Ол сүйген қызын өлтіргені үшін 15 жылға түрмеге тоғытылған. Енді ол қауіпсіздігі жоғарғы колонияда жазасын өтейді.

"Ол барлық кінәні өз мойынына алып отыр. Ал шын мәнінде нақты не болғанын білмейді. Құдды бір біреу үйретіп қойған сияқты", - дейді Елена Братищева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр