Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүт пен қытырлақ": Ұйқыны шәйдай ашуға не көмектеседі?

Кембридж университетінің қызметкерлері сүт тағамдары күндіз ұйқы болдырмаудың алдын-алатынын айтады. Ал құрамында қанты бар тағам ұйқының келуіне себепші екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұйқы

Алайда, ресейлік профессор құрамында ақуызы бар тағамдардың ағзаға пайдасы зор екенін айтып, бірақ ұйқыны шайдай ашады дегенге келіспейтінін жеткізді.

«Ағзада энергияның таусылуы әдетте, 15-16 сағатта болады. Мұндайда тамақ жеу керек болады. Сонда тіскебасарға ақуызға және талшыққа бай көкөністер мен жарма, бірнеше бадам мен жаңғақ жеуге болады. Асқазанға ыңғайлы бөліктің мөлшері орташа есеппен 200-300 граммды құрайды, ал күшті қалпына келтіру үшін бір стақан шай немесе кофе 250 миллилитрден аспауы керек. Қытырлақ жемістер түскі асқа дейін миыңызды сергітуге көмектеседі. Бірақ бойдағы ұйқыдан арылу үшін мен ақуызбен көмірсулардың лакониялық комбинациясын ұсынар едім», – дейді Маргарита Королева. 

Оның айтуынша, ұйқы қысудың тағы бір себебі бар: ол – ағзаның түскі астан кейін тамақты қабылдау салдарынан ұйқы пайда болуы мүмкін. Ас қорыту үшін асқазанға оттегі қажет болады, сол кезде ол қанмен бірге төмендейді. Ал миға ол жетіспей қалғанда ұйқы келуі мүмкін. 
Маман тамақтанудан 40 минуттан кейін су мен жаңа шырындар ішуге кеңес берді. Бұл дененің тамақ өңдеуге көп күш жұмсамауына және мидың көмірсутектерін алып тастамастан асқазанның физиологиялық көлемін сақтауға мүмкіндік береді.

Маргарита Королева егер ұйқыдан арылғыңыз келсе және моральды шаршап тұрсаңыз, онда гиманстикалық жаттығу жасауға, терең демалуға кеңес береді. Сондай-ақ, ұйқыны шайдай ашу үшін хош иісті кофеден ішуді ұсынды. Ал ұйқыдан құтылу үшін сүт өнімдерін көбейтудің қажеті шамалы екенін айтты.

Талқылау