Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заттарын тартып алып, тас лақтырды": Алматыдағы саябақта бір топ жасөспірім қыз тұрғындарға шабуыл жасаған (видео)

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыдағы саябақтардың бірінде бір топ жасөспірім қыздың тұрғындарға тиісіп, тас лақтырғаны түсірілген видео қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Адамдарға шабуыл жасап, заттарын тартып алған жасөспірімдердің видеосын Threads қолданушысы жариялады. Видеодан оқиғаның 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ аумағында болғанын байқауға болады.

"Алматы. Қала орталығында не болып жатыр? Неліктен маған (және басқа адамдарға) себепсіз шабуыл жасай алады? Біздің заттарымызды тартып алды, үстімізге су шашып жіберді (мен жұмысқа бара жатқан едім), басқа адамдарға тас лақтырып, ұрып-соқты", – деп жазды желі қолданушы.

Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

“Полиция қызметкерлері заңда көзделген тиісті шараларды қабылдайды. Жағдай бақылауда. Сонымен қатар полиция кез келген әдепсіз мінез-құлық көріністері, сондай-ақ айналадағы адамдарға қолайсыздық немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады”, – делінген департамент хабарламасында.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 19:27