Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суши жеген әйел бірнеше ай бойы сандырақтап жүрген

Тұрып қалған балықты жеген 34 жастағы әйел бірнеше ай бойы ұйқысыздықтан, галлюцинациядан және асқазанның құрысуынан зардап шеккен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеп хабарлайды.

суши

Американдық дәрігер Бернард Сю (Bernard Hsu) өзінің YouTube каналында әйел бес күн тұрып қалған сушиді жегенін айтады. Өйткені әйел сол күні нәр тартпаған көрінеді. Балықтан қышқыл дәм сезілгеніне мән бермеген. Әйел соя тұздығын көбірек қосып жеп алған. 

Осы жағдайдан кейін көп ұзамай-ақ әйелге ұйқысыздық пен асқазан ауруы маза бермеген. Күйеуіне өзін жайсыз сезініп, асқазанында балық жүзіп жүргендей екенін айтқан. Содан кейін галлюцинация басталыпты. Ол белгісіз жәндіктер ет пен тері астында жыбырлап жатқандай сезімде болғанын айтады. 

Ол бірнеше рет ауруханаға барып, дәрігерлер қарауында болғанымен еш нәтиже бермеген. Қан анализі мен тексерулер ешқандай ауруды анықтаған жоқ. Дәрігерлер әйел ішек паразитін жұқтырды деп күдіктенеді. Нәжісті талдау ұзындығы тоғыз метрге жететін кең лентаның іздерін анықтады.

Науқасқа паразиттен құтылу үшін дәрі салынған. Әйел толығымен сауығып кетті.

Талқылау