Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тоқтатпасаңдар, өртеніп өлемін": Түркістанда үйлерін сүріп жатқан халық шу шығарды

Түркістанда кесене маңындағы үйлері сот шешімімен бұзылуға жатады деген тұрғындар мен сот орындаушылары арасындағы келіссөз дау-жанжалмен жалғасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

тұрғындар

Полиция өкілдері мен жергілікті әкімдіктің өкілдеріне наразы болған азамат шатырға шығып, үстіне бензин құйған. «Сүруді тоқтатпасаңыздар, өртеніп өлемін» деген талап қойып отыр. Ал тағы бір баспана иесі жалғызбасты ана да пышақ алып өзіне өзі қол жұмсамақ болды. 

Түркістанда сот шешімімен тұрғындардың баспанасын бұзуға келген сот орындаушылары мен баспана қожайындары арасында әрекет дау-жанжалға ұласқан. Тіпті, бір үйдің тұрғыны шатырға шығып, үстіне бензин құйып өртемек болған. Наразы тұрғынмен келіссөзге қала әкімінен бастап, құзырлы мекеме өкілдері түгел жиналған. 

Ал екінші бір баспана иесі жалғызбасты ана үйіне полиция өкілдері өзіне күш көрсетті деп қолына пышақ алып, тамырын кеспекке ниеттенген. Баспанам бұзылды деген ана дәл қазір далада қалдым деп отыр. Ал баспана қаржысы өтелмеді дейді. 

«Үйіме 20 милиция, әкімшіліктен 10 адам келді. Зорлық-зомбылықпен мені шығарды. Ақырында қолдарымды пышақтап, мына жерлерімнің бәрі көгеріп кеткен. «Үйден шықпаймын» дедім. Үйден шықсам, қайда барамын мен? Көшеде қаңғып жүргенше, осы жерде өлгенім артық», - дейді тұрғын Фариза Мүтөліпова. 

Аталған аумақтағы 160 нысанның 130-ы ерікті түрде көшкенін жеткізген әкімдік қалған бөлігінде халықтың тарапынан наразылықтар болғанын айтты. Әкімдік сотқа жүгініп, шешімде шыққан апелляцияға шағымданған тұрғындар талабын сот қанағаттандырмағанын, шешім күшіне енгенін айтады. 

«Өткен жылы заңға өзгеріс енгізілген. Соған сәйкес, бұлардың бағаланып жатқаны бұдан көтеріңкі. Ендігі жылы заңға өзгеріс енгізілсе, одан көтеріңкі болуы мүмкін. Сол себепті біз барлық жұмысты заңға сәйкес жүргізіп жатырмыз», - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев. 

Баспана ақысына қатысты әкімдер қаржы сот орындаушының депозиттік шотына аударылғанын, тұрғын есепшотын ұсынса, дереу төленетінін айтады. Қазір шатырға шығып өртенбек болған азаматтың да, қолына пышақ кезенген әйелдің де баспанасы бұзылып жатыр. Билік құрылыс заттарын алуға мүмкіндік берген. Қалған 8 нысанда түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр