Суреттегі адам ба әлде қуыршақ па?
Токио тұрғындары жапониялық Лулу Хашимотоның адам немесе қуыршақ екенін айыра алмай әлек болып жүр.
Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.
Заманауи қыздар хирургиялық оталардың көмегімен сырт келбетінің қуыршаққа ұқсауы үшін барын салып жатыр. Ал кей сәнгер керісінше өздері жасап шығарған қуыршақтардың барынша тірі жанға ұқсауы үшін еңбектенуде.
23 жастағы бойжеткен Хитомита Комаки сырт келбеті жұртты таңқалдырған бірегей қуыршақ жасап шықты. Айтуынша, Лулу секілді образдағы қуыршақ әлемде жалғыз.
Дәл қазір Токиода жалғыз Лулу Хашимото бар. Алайда танымал сәнгерлер дәл осындай қуыршаққа көптеп тапсырыс беріп жатыр. Аталған қуыршақтың шұлығын сәнгер Кох Уэно тіккен екен. Ол кез келген нәзік жандылардың әдемі киінулері керектігін айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар адамды бақытты ететін үш нәрсенің не екенін атады
Техаста «Харви» дауылынан соң жағалаудан жұмбақ құбыжық табылды (фото)
Жұрт адамға ұқсас беймәлім құбыжықтың не екенін білмей дал болды (видео)