Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суретші шегеден Головкинді салған туындысының ақшасын екі аяғынан айырылған қызға бермек

Алматылық шебер Геннадий Головкиннің ерекше бейнесін салды. 2х3 көлем мен 150 келіден тұратын «суретті» салу үшін Азамат Талғатбекұлы 45 күн мен 56 мың шеге жіберген.

6e62cea99cac0782c8cb228baf8210e4

Ол бұл жұмысын сатпайды, бірақ ниет білдірушілерге көрсетуге қарсы емес екенін айтқан. Алайда жол апатынан екі аяғынан айырылған қызға көмектесу үшін картинасын сататынын айтты.

31753f196da366c9aed3e4a91aed3165

«Головкин – темір мінезді адам! Бұл картинаға «Темір Гена» деп ат қойдым. Арқам мен мойным әлі ауырып жүр. Бірақ бұл жұмысыма өкінбеймін», – дейді алматылық суретші.

“Жақында жол апатынан Катя есімді қыздың екі аяғынан айырылғанын естідім. Менің көлігім де, алтын сағатым да жоқ. Бірақ ондай мақтаныштың орнына біреуге көмектескенім әлдеқайда пайдалы. Сондықтан “Темір Гена” туындымды сатып, оның ақшасын Катяның отбасына табыстағым келеді. Оның емі үшін сол ақша аздап болса да керегіне жараса екен деймін. Бірақ бұл өзімді көрсету үшін емес. Сондықтан мен жайлы басқаша жазбасаңыздар екен”, – деп жазады суретші желідегі парашқасында.

Тағы да оқыңыз:

Астанада балдақпен жүрген бойжеткенді мейрамханаға кіргізбей қойған

Алматыда көз жұмған студенттің оқиғасы: Барлығы 5 мың теңгеден басталған

Жатын бөлмеге камера қойып 200 доллар ақша табуға болады

Талқылау