Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Суретке түсу үшін": Арыстықтарды құшағына алған Мөлдір Әуелбекова сынның астында қалды

Арыстықтарды құшағына алған Мөлдір Әуелбекова сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасына арыстық ағайынды жұбатып, құшақтап жүрген суреттерін жариялаған. Бұны көрген желідегі жұрт ашуға булығып, жасаған жақсылықты жарияладың деп айыптады. Тіпті бірі өзіңе жарнама жасадың, суретке түсу үшін бардың деп сөгіп жатты.

"Әншілер қауымы, суретке түсу үшін барасыздар ғой деймін иә? Жасаған жақсылықты жариялап", "Соны айтамын, бәрі көзбояушылық", "Суретке түсіп немесе түсіріп тұратын жағдай емес сияқты", "Оны суретке түсірудің не қажеті бар. Жасағанын жарияламай-ақ, жасай бермей ме", "Оң қолың жасаған садақаны сол қолың білмесін дейді", - деп өнер иесін сынап тастаған.

Алайда Мөлдір Әуелбекованы қолдайтындар да табылды. Олар өнер иесінің бұл суреттерін халықты көмек қолын созуға шақыру, жағдайдан хабардар етіп, есеп беру деп ұғынған көрінеді. 

"Қолыңыздан келсе, сіз де көмек беріңіз", "Жақсылықты жасап-ақ жатыр ғой. Егерде сонда барып суретке түспесе, көрсетпесе, тағы айтасыңдар", "Жазғыларыңыз келсе жақсы нәрсе жазыңыздаршы. Болмаса үндемей өтіп кете беріңіздер, ол да өзіміз сияқты бір үйдің қызы, көңіліне тиеді сөздеріңіз", "Жүрегім сыздап кетті ғой, ендігі аналардың жылағанын көрсете көрме", - десті жұрт.


"Қолдауларыңыздың арқасы": Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды >>>
Талқылау