Қазақстанда инфляцияны есептеудің жаңа әдісі енгізілді

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың қаңтардан бастап елдегі инфляцияны есептеудің жаңартылған әдісін енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, енді инфляцияны есептеу кезінде кассалық аппараттар арқылы тіркелген фискалдық түбіртектер де есепке алынады.
“Фискалдық түбіртек деректерін пайдалану үшін арнайы кешенді әдістеме әзірленді. Ол ақпаратты тазалау мен өңдеуді, тауарларды автоматты түрде жіктеуді, деректерді топтауды және индексті есептеудің заманауи динамикалық тәсілін қамтиды. Әдістеме тексеруден өтіп, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан оң баға алды”, – делінген хабарламада.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Жыл басы оңай болмайды – Тимур Сүлейменов қосылған құн салығының инфляцияға әсері туралы
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, жаңа әдіс бағаларды бақылаудың ауқымын кеңейтіп, есептеулердің дәлдігін арттырады. Қазір талдауда 60 миллионнан астам түбіртек деректері қолданылып жатқан көрінеді.
Сондай-ақ бюро қаңтар айындағы инфляция деректері 2 ақпанда жарияланатынын атап өтті.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды