"Супержұлдызбын ғой": Дмитрий Биволдың әйелі өзіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады
Фото:Sport.kq
Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың әйелі Екатерина Бивол өзіне іздеу жарияланғаннан кейін Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Екатерина Биволға іздеу жариялаған еді. Бұл шаралар оның қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздерінен соң қолға алынған.
25 қазан күні Қырғызстан ІІМ, ал 31 қазанда Қазақстан ІІМ оған қатысты қылмыстық іс қозғаған. Екі ел де Екатерина Биволға халықаралық іздеу жариялап, қамауға алу туралы ордер шығарды. Осыдан кейін Екатерина пікір білдірді.
"Қараңыздаршы, бұларды ең қатты толғандыратыны осы екен! Иә, мен супержұлдызбын ғой", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Екатерина Бивол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қазақтар мен қырғыздарды балағаттап, қорлайтын бейнероликтер жариялаған. 
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
