Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Супермаркеттегі қаптағы өнімдер 40-50 грамға жеткіліксіз болады": Қазақстандық заңгер тұтынушылардың сауалына жауап берді

Заңгер Алена Дуля тұтынушылардан түскен супермаркеттердегі оралған өнімдер салмағының жеткіліксіз болуына байланысты сауалдарға жауап берді. Сөзінше қаптағы өнімнің әр жеткіліксіз салмағы үшін сатушы кәсіпкерлер жауап беруі шарт, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап.

супермаркет

Тұтынушылардың сөздерінше, әр қапқа көбіне 40-50 грам өнім жеткіліксіз салынады. Бұл көпшілікті алаңдата бермейді. Бірақ әрбір 40 грамның өзінен жақсы ақша жиналары анық.

Заңгер бұл жағдайда тұтынушы тараптың құқы қорғалатынын жеткізді.

“Жеке кәсіпкерлердің немесе сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауардың тұтынушылық қасиеттерін немесе сапасын өлшеу, таразылау, есептеу, бұрмалауы немесе тұтынушыларды өзге де алдау әрекеттері жеке тұлғаларға 10 АЕК (30 630 теңге) мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК (61 260 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (91 890 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады”, –  деді заңгер Алена Дуля.



Маман мұндай жағдайда кәсіпкерлер мен қызметкерлер, буып-түйуші адам арасында жиі дау болатынын ескертті. Сөзінше қандай жаағдайда да тұтынушыда айғақ дәлелдер болса, ол заі алдында өз құқын өқорғай алады.

“Егер салмақ баға белгісінде көрсетілсе және ол өз салмағына сәйкес келмесе, сатушы құқықтарды бұзады. Бұл жағдайда сіз тиісті мәлімдемемен ішкі істер органдарына хабарласа аласыз. Құқықбұзушылық фактісінің дәлелі фото, бейнежазба, тексерулер, айғақтар бола алады. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңестерінде және заңгерлік қоғамдастық арасында сатушы емес, өндіруші буып-түйген тауарлардың салмағы аз болғаны үшін кім жауапты болуы керек деген даулар туындауда. Дегенмен сіздің жағдайыңызда сатушы мен буып-түюші бір адам жауап береді”, – деп қорытты ол.

Талқылау