Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүндеттелген баланың талмасы ұстап, 10 минутқа жүрегі тоқтап қалды

Екі жасар бала Санкт-Петербургтегі емханада сүндеттелгеннен кейін әрең аман қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Процедура аяқталғаннан кейін баланың талмасы ұстап, 10 минут бойы жүрегі тоқтап қалған. Кішкентай науқас жедел жәрдеммен Санкт-Петербург педиатрлық университетіне өте ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны құтқарып үлгерді.

Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастап, жеке медициналық орталықтан медициналық карталарды тәркілеген. Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша ("Адам өзінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру") бойынша іс қозғау мәселесі шешілуде.


Пішіні "раушан гүл", "түймедақ" сияқты: Ұл балаларды сүндеттеудегі соңғы трендтерді білесіз бе?

Талқылау