Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулық байқауына қатысқан жігіт Ләйлә Сұлтанқызын еліміздегі ең әдемі әйелге теңеді

Отандық телеарналарда “Әйел бақыты”, “Тікелей эфир” сынды жобаларды жүргізіп, Қазақстанның ең танымал тележүргізушісі атанған Ләйлә Сұлтанқызы жуырда жаңа жобаны қолға алды. Ол қазіргі уақытта 7-арнада “Өз ойым” ток-шоуының тізгінін ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ләйлә Сұлтанқызы

Аталған бағдарламаның бір саны сұлулық байқауына қатысқан арулар жайында болды. Эфирге “Қазақстан аруы” мен “Қазақ аруынан” бөлек қыз болып киініп, сұлулық байқауында жеңіске жеткен Илай Дегилев те қатысты.

Ол Ләйлә Сұлтанқызын еліміздегі ең сұлу әйелге теңеді. Айтуынша, тележүргізуші “Қазақстан аруларының” өзін шаң қаптырып кетеді.

“Мен осы гүлді ең сұлу әйелге сыйлағым келіп отыр. Маған: «Сенің ойыңша, қандай әйел ең сұлу?» – деген сұрақ жиі қойылады. Осы жерде «Қазақстан аруымен» бірге, көптеген сұлу қыздар жиналып қалыпты. Менің ойымша, ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық сай болуы керек. Менің ойымша, ол – Ләйлә Сұлтанқызы.

Сізді қазақтың нағыз әйелі деп ойлаймын. Мен сізге қарап сұлулық байқауында Шымкентті таңдадым. Себебі Шымкентте қазақтың салт-дәстүрлері сақталған, көптеген қыздар қазақша сөйлейді”, – деді Илай Дегилев.

Бұл ретте Илай барлық сөзін қазақша айтып, жұртты таңғалдырды.

“Қазақстанда тұрып қазақ тілін білмеу – ұят”, – деген ол өз бойында грек, орыс, болгар және қазақ ұлтының қаны бар екенін ашық айтты.

Бұл орайда Илай не себепті жігіт бола тұра сұлулық байқауына қатысқанын түсіндірді.

“Біздің ұл балаларға қыз таңдау өте қиын болып тұр. Қазір қыздар бірдей боянады, бірдей киінеді. Жеке тұлғасы жоқ. Соны көрсетейін дегенмін. Достарым әртүрлі қыздарды көрсетеді, қандай сұлу деп. Бірақ ол тек сыртқы сұлулығы, қаласам, мен де сұлу бола аламын. Ол тек қана сыртқы сұлулық. Оны бір салфеткамен сүртуге болады. Ал бірақ шын мәнінде біздің қазақ қыздары бояусыз да өте әдемі”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Оқи отырыңыз: 

Ерлан Біләл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып алды

Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

Талқылау