Сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт: Байқауға қатысушыларға жыламай қарау мүмкін емес
Әйелдер арасындағы Miss Virtual Kazakhstan сұлулық байқауына қатысып, бүкіл Қазақстанға танымал болған алматылық модель Илай Дягилев аталған байқауға қатысушыларды сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz.
Илай Дягилевтің айтуынша, ол аталған сайысқа қатысуы арқылы адамдардың көзқарасын өзерткісі келген. Алайда «қолымнан келмеді» деп өкінеді модель.
«Мен адамдардың көзқарасын, құндылықтарын өзгерте аламын, халық дұрыс таңдау жасайды деп ойладым. Өкінішке орай, бұл менің қолымнан келген жоқ», – деп жазды Илай Instagram парақшасында.
Бастапқыда ол ұйымдастырушыларды мақтап, байқаудың ойдағыдай өткенін, барлық жағдай жасалғанын айтты. Алайда байқауға қатысушылар туралы пікірі жағымды бола қойған жоқ.
«Бұл сәтсіздік! Ренжімеңіздер! Әрқайсын бақылап отырдым. Сіздер үшін мен ұялдым. …Дайындықсыз келу, жаттанды тіркестер, жалған дүниелер. Көп жаңылысып жатты. Жыламай қарау мүмкін емес», – дейді жігіт.
Илайдың сөзінше, байқауға қатысушылар тек сыртынан ғана ақылды, оқымысты, жақсы әйел, қамқор ана болып көрінгісі келген.
«Өкінішке орай, бір келі косметика, ұзын кірпіктің астынан сіздердің шынайы келбетіңіз бен тұлғалық ерекшелігіңізді көре алмадым. Кешіріңіздер, бірақ барлығыңыздың түріңіз бірдей көрінді. Жалпы, ешқандай сұлулық көрмедім», – дейді алматылық.
Сөз соңында Илай байқауға қатысқан арулардан өзіне ренжімеуін және сұлулық жөніндегі көзқарасын өзгертіп, кемелденуге ұмтылуын сұрады.
Естеріңізге сала кетсек, алматылық жігіт Илай Дягилев әйелдер арасындағы «Miss Virtual Kazakhstan» байқауына қатысып, финалға жетті. Алайда ол мұнан кейін өзінің еркек екенін мойындады.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық «калькулятор қыз» халықаралық олимпиадада жеңіске жетті (фото)
Той кезінде құлап-жығылып қалыңдықтың гүліне таласқан бойжеткендер жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Қостанай түрмесінде уланған сотталушылар: Мекемеде ақпараттық қызмет телефоны іске қосылды
Алматы облысының тұрғыны танымал телешоудан 10 миллион теңге жеңіп алды