Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулығын қолдан жасап алған қазақстандық танымал адамдар

Жігіттер табиғи сұлулықты қолдаса, қазіргі заманның әйелдері қолдан жасалған әдемілікке құмар. Әсіресе, ботекске. Бұл ботекстің пластикалық отаны талап етпейтінімен байланысты болса керек. Шетелде ботексті әншілер әдеттегі сұлулық процедурасы деп біледі. Ал отандық жұлдыздардың аталған процедураға көзқарасы қандай?

177

Бұл туралы әншілер “Ел аузында” бағдарламасында айтып берді.

Ботекс дегеніміз – ботулотоксин атты препарат. Ол Қазақстанда өндірілмейтіндіктен, Америкадан әкелінеді. Әжімді кетірудің бұл әдісі дәрі егу арқылы жүзеге асады. Препаратты мимиканы тоқтата тұру үшін ғана емес, бұлшық ет спазмдарымен байланыста ауруларда дәрі ретінде қолданады.

12519105_1678652529063549_1392120947_n

Жасы қырыққа келген Бағым Мұхитденова ақшасы бар кез келген әйелдің қартаймауға әрекет жасауын дұрыс деп біледі.

“Мен қартайғым келмейді, сондықтан ботексті толықтай қолдаймын. Күйеуім ақшамен қамтамасыз етіп, барлық косметологиялық процедураларымның ақшасын төлеп тұрады. Сондықтан оның денсаулығы мықты болуын, табысты болуын тілеймін”, – дейді продюсер.

image

Бұл пікірді оның 42 жастағы әпкесі Баян Есентаева да қолдайды.

“Гель мен ботексқа қарсы ештеңе айта алмаймын. Өйткені жасың 30-35-тен аса бастағанда әдеттегі нәрселер көмектеспейді. Оларды ботекс, гель сынды дүниелермен алмастыруыңа тура келеді. Бірақ бір рет жасатқан ботекс 8-9 айға жарайтындықтан, оны жылына екі реттен артық жасатудың қажеті жоқ”, – деп Баян Есентаева ботекс жасатпас бұрын, жақсылап ойланып алуға кеңес берді.

svadba

Әнші Майра Ілиясова да ботекстің жақтаушысы болып шықты. Сөзіне сенсек, осы күнге дейін пластикалық операция жасатып көрмеген. Тек концерт алдында бір-екі рет ботекс жасатқан.

Бұл процедураны актриса Меруерт Түсіпбаева да жасатып көрген. Десе де, нәтижесі өзіне ұнамаған сияқты.

“Ботекс жасатқан соң айнаға қарап күлсем, бетім біртүрлі тас болып қатып қалған. Күлсек, бізбен бірге бетіміз де күлсін. Жыласақ, бетіміз де жыласын. Ботекс салатын қыздарға қарасам, беттері сондай күлкілі көрінеді. Көздері күліп тұрса да, беттері қимылдамайды. Мен мұндайды нағыз жасандылық деп білемін”, – деп Түсіпбаева бұдан былай ботекс жасатпайтынын айтты.

dad6f4

Жазира Байырбекова ботекстің көмегіне жүгінбесе де, оны жасатуға көптен бері шешім қабылдап қойған. Десе де, сүйіктісі рұқсат бермеген сияқты.

12519305_178396515859284_2127329347_n

Рахман Омардың жұбайы Ақмарал Дайрабай қас-кірпігін өсімдік майының көмегімен өсірген екен. Мұны жолдасы да растап отыр.

cKxlhYMXeFk

Әнші Әйгерім Қалаубекованың ерніне ботекс салдырғаны туралы жиі айтылады. Алайда әнші мұндай қауесет сөзді жоққа шығарды.

“Ернім туралы көп әңгіме айталытынын білемін. Бірақ оның өзіндік құпиясы бар. Үстіңгі ернімнің сол жағына жара шыққан болатын. Аңғарып қарасаңыздар, сол жер ісіңкіреп тұрады”, – дейді әнші.

baistars.kz

Ал Ақбота Керімбекова, Айгүл Иманбаева, Индира Расылхан өздерінің табиғатынан сұлу екендерін айтып, ботекстің көмегіне жүгінбейтіндіктерін жеткізді.


Оқи отырыңыздар:

53 жастағы Деми Мур пластикалық отадан соң жас қызға айналды

Жанар Айжанова 15 жыл құпия ұстаған сұлулық сырымен бөлісті

 

Талқылау