Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулардың түн ұйқысын ұрлаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы не білеміз?

Иә, мына Ерасыл есімді спортшы да әлеуметтік желіде өте танымал. Ғаламторда қыздардың қызығушылығын оятқан жігітке романтикаға толы смс хаттар жиі келетін көрінеді. Ал сұлулардың сезімін селт еткізген сері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы.

17596020_323540261382594_8587472540652273664_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Ерасылды әкесі 6 жасында дзюдо спортына береді. Бүгінде 20 жастағы жігіт Қазақстанның 5 дүркін жеңімпазы, Еуропа кубогінің финалисті, Азия чемпионатының 3-ші орын иегері. Дәл қазіргі таңда әлем біріншілігіне қызу дайындық үстінде. Даңқты балуан, ұлының әр қадамын жіті қадағалап, күнделікті бірге жаттығады. Тіпті, спортты серік еткен әке мен баланың тығыз кестесі де түзілген.

19624713_1207726846040166_5147834963604799488_n
«Таңертең тұрамыз, тамақ ішеміз. Тренировкаға барамыз. Бірінші жүгіреміз. Сабақ туралы, спорт туралы. Күнде әкеммен бірге күресеміз, жүгіреміз», – дейді Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Ерасыл Болат.

Ерасыл бүгінде Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Сондай-ақ, жапон, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жігіттің білімге деген құштарлығын оятуда ақын Жүрсін Ерманның рөлі ерекше екен.

19534963_186018755266259_8212394313707945984_n

«Жүрсін атам, ол менің нағашы атам. Ол менің өмірімде үлкен бір орында ойнайды. Өйткені ол маған ақыл береді», – дейді Ерасыл Болат.

Иә, Ерасыл спортпен қатар, сұлулардың да сезімін селт еткізіп жүр. Жас жігіттің желіге жүктеген әр суреті жағымды пікірлерге толы.

20181394_246296299218311_8821049561041600512_n

«Өте әдемі жігіт», «Қандай сымбатты жігіт! Көз тимесін балуан!» – деп жазады қыздар.

«Естіп тұрамын күнде қыздарға ұнайтынымды. Бірақ, оларды өмірімде көргенде менен қашады, ұялады, күледі. Көбінесе саусақпен көрсетеді. Бірақ, келмейді қасыма. Көбінесе интернетте жазады. Мен сені көрдім, сәлем, танысуға болады ма, атың кім деп сондайларды жазады», – дейді Ерасыл.

20225504_1932156353718948_2714306424971722752_n

Қазір, әке жолын қуған Ерасылдың басты арманы бар. Ол 2020-шы жылы Токио төрінде олимп шыңын бағындыру.

18252749_1888371688072847_8859414974888411136_n

Жіберіп алмаңыз:

Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады

Қазақстандық белгілі бапкер көз жұмды

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралу туралы шешім қабылдады

Талқылау