Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Әйгілі жүзгіш Майкл Фелпс акуламен жарысып, жеңіліп қалды. Жүз метрді олимпиаданың бірнеше дүркін чемпионы 38 секундта жүзіп өтсе, акула 36,10 секундта бағындырған.

4533135

Адам мен акула арасындағы тартысты Discovery телеарнасы трансляциялаған. Фелпc акула терісіне ұқсайтын арнайы гидрокостюм киген. Ал аяғына серіппелі жүзбеқанат байланған.

Қарсыластар бір-бірінен бөлек жүзгенімен, эфир кезінде оларды бейнемонтаж арқылы біріктірген.

Әдетте ақ акулалар сағатына 25 миль жылдамдықпен жүзеді, ал адам сағатына 6 миль ғана. Фелпс жарыстан кейін судың температурасы тым төмен болғанын айтып шағымданыпты.

Оқи отырыңыз:

Қанат Исламның бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

АҚШ-та қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Головкин мен Альварестің кездесуін кинотеатрлардан көрсетуі мүмкін

“Аякстың” 20 жастағы футболшысы енді ешқашан сөйлеп, жүріп, адам тани алмай қалуы мүмкін (видео)

Талқылау