Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс кешінде тоғыз қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. 9 қыркүйек күні Астана қаласында Халықаралық ЕХРО көрмесі аясында өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың тізімі белгілі болды.

62485f62d5a34e6759b51e8a3fa17fd9_L

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат «QAZAQ» Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кукқа қарсы қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Сонымен қатар бокс кешінде тағы сегіз қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізеді. Олар алыс және жақын шетелдік боксшылармен жұдырықтасады. Назарларыңызға ЕХРО көрмесі аясында өтетін бокс кешіне қатысатын қазақстандық боксшылардың тізімін ұсынамыз:

1. Қанат Ислам – кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы. Осы уақытқа дейін отандасымыз кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде «QAZAQ» қарсыластарын нокаутқа түсірген. Қазіргі уақытта орта салмақтағы WBA Inter-Continental, WBO NABO (WBO Inter-Continental: WBA Fedelatin және WBA Fedecari белбеулерінің иегері.

2. Жанқош Тұраров – жартылай орта салмақтағы Ұлттық бокс қауымдастығының (NBA) чемпионы. Кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 рет қарсыласын нокаутқа түсірген.

3. Жәнібек Әлімханұлы – еңбек сіңірген спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының ширек финалына шыққан. Азия ойындарының, Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының жеңімпазы. Кәсіпқой бокста бір кездесу өткізіп, жеңіске жеткен.

4. Мейірім Нұрсұлтанов – орта салмақтағы еліміздегі ең талантты боксшылардың бірі. Кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Соңғы кездесуін 15 шілде күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында америкалық Лэнни Дардарға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

5. Руслан Мырсатаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының ширек финалына шыққан. Бес маусым бойы Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық «Астана арландары» клубының намысын қорғаған. Кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.

6. Әли Ахмедов – Ахмедов кәсіпқой бокс шаршы алаңында жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

7. Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

8. Димаш Ниязов – Нью-Йорк қаласының полиция қызметкері. Кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да қарсыластарынан үстем түскен. Туған жерінде бірінші рет кездесу өткізгелі жатыр. Өйткені Димаш 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Дегенмен ол бокстың әліппесін Шымкент қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллиннен үйренген.

9. Нұрсұлтан Жаңабаев – WBA China белбеуінің иегері. Кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ-та қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Головкин мен Альварестің кездесуін кинотеатрлардан көрсетуі мүмкін

“Аякстың” 20 жастағы футболшысы енді ешқашан сөйлеп, жүріп, адам тани алмай қалуы мүмкін (видео)

Талқылау