Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлуфан мен Мәди тойға дайындалып жатқандарын айтты

Ғашықтар туралы отандық бағдарламада құрылған жұп алдағы жоспарларын бөлісті. Мәди мен Сұлуфан келер жылдың көктем айында отбасын құруды жоспарлап жүр екен. “Қазақ болған соң мезгілге қарайтынымыз рас” дейді Мәди.

Бұл туралы жұп Stan.kz тілшісіне берген сұхбаттарында айтты.

– Бір-бірлеріңіздің бойларыңыздағы қандай қасиетті ерекше бағалайсыздар?

Мәди: Әр қыз өз қылығымен тәтті. Сұлуфанның да ешкімнің бойында кездеспейтін ерекше қылықтары бар. Өзі жас болса да, ақылы үлкендерге бергісіз. Өкінішке орай, қазіргі жастар өмірге тым жеңіл қарайды. “Мұндайды кім жасамай жатыр дейсің” деп өмір сүріп жатыр. Меніңше, бұл – үлкен қателік. Осы тұста Сұлуфанның өзге қыздарға еліктемейтіні ерекше ұнайды. Бүкіл әлем қарсы болса да, өзің дұрыс тапқанды істегенің жөн.  Орыстарда “Сұлулықты сатып алсаң да, әйеліңнің ақ арын сатып ала алмайсың” деген жақсы сөз бар. Осы сөздермен толықтай келісемін.

Сұлуфан: Мәди сырт көзге тым қатал болып көрінеді. Бірақ, ол әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүреді. Өзі сондай ақкөңіл. Менің әкем кішкене балаларды ұнататын. Сол секілді Мәди де кішкене балаларды қатты жақсы көреді. Осы қасиеті ұнады. Әр қыз сүйіктісінің өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Мәди көңілімді көтеріп, қалаған нәрсемді алып береді. Бір реттегіден кейін қайта қосыламыз екен деп ойламадым. Қазір арамызда барлығы жақсы.

– Эфирде қандай болсаңыздар, шынайы өмірде дәл сондайсыздар ма? Әлде бір-бірлеріңіздің көңілдеріңізді қалдырған сәттер болды ма?

Мәди: Көбісі “Қалаулым” бағдарламасын шоу деп ойлайды. Мен әлі күнге дейін “Сенбесеңіздер, келіп студияда отырыңыздар” деп айтып келемін. Ал, тіпті, сенбей жатсаңыздар, жүйкелеріңізді босқа тоздырмаңыздар. Бар болғаны, бұл бағдарламаны көрмей-ақ қойыңыздар. Осы жерге өз қалауымызбен келіп отырмыз. Мақсатымыз – қалаулымызды табу. Мен қалаулымды таптым деп айтсам да болады. Біз бағдарламада қандай болсақ, өмірде дәл сондаймыз. Ешқандай айырмашылық жоқ. Бізге сенбейтіндермен әрқашан кездесіп, сөйлесуге дайынбыз. Біз өзімізді өнерімізбен таңғалдырып жүрген ерекше жұлдызбыз деп айтпаймыз. Жаңағының барлығы бізді көре алмайтын адамдардың әңгімесі деп ойлаймын. Біз де ерігіп жүрген жоқпыз. Ең бастысы, бір-бірімізден көңіліміз қалған жоқ. Күнде таңертеңнен кешке дейін біргеміз. Сезімде эфирде ойнау деген – қиын зат. Өзімді өтірікшілердің қатарына жатқызбаймын.

– Тойды қай уақытқа жоспарлап жатырсыздар? Әлде әлі де біраз жүре тұру ойларыңызда бар ма?

Мәди:  Бұл жобаға қыз-жігіт болып жүріп көру үшін емес, бірден отбасын құру үшін келгеніміз рас. Құдай қаласа, көктем мезгіліне жоспарлап жатқан жайымыз бар. Қазақ болған соң мезгілді ескеретініміз рас. Өйткені, қазақтың тойға дайындалуы өте қиын зат екенін білесіздер. Отбасым да “Үйді жөндейік” деп дайындалып жатыр. (Күлді.)

– Махаббат үш жыл ғана өмір сүреді деген пікірмен қаншалықты келісесіздер?

Сұлуфан: Отбасын құрғаннан кейін де махаббаттың жалғасатыны анық. Бір адаммен сезімсіз өмірді елестету мүмкін емес. Адам баласына бұйырған махаббат мәңгілік деп ойлаймын.

Мәди: Бұл пікір сәл қате деп ойлаймын. Барлығы өз кезеңімен жүзеге асады. Бірінші кездесесің – бір махаббат. Отбасын құрасың – екінші махаббат. Бала сүйесің – үшінші махаббат. Әр кезеңнің осындай махаббаты болады. Сондықтан, әр адам маңдайына не жазылса, соны көреді. Махаббат үш жыл ғана өмір сүреді дегенгей сенбеймін. Барлығы өзіміздің қолымызда.

– Елбасы “Жастар алдымен үй алып алсын. Содан кейін ғана үйленсін” деген еді. Ал сіздердің жоспарларыңыз қандай?

Мәди: Қазір көбісі үйлі болып, жұмысын реттеп, содан кейін үйленуді жөн көреді. Бұл да қате пікір деп ойлаймын. Өйткені, әр адам өз өмірін өзі жасайды. Бұл жайында 20 жастан асқаннан кейін ойлана беру керек. Талпынсаң табысқа ерте жетесің. Отбасын құрудың несібесі болады. Кез келген адам отбасылық өмірде қиындық көреді. Осы қиындыққа төзе білсе барлығы жақсы болады. Ал егер “анау жоқ, мынау жоқ” деп жүре берсең, өмір бойы осылай өтесің. Жаныңдағы жұбайың саған сенсе, сен өзіңе сенуің керек.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева: Өлген адамды тірілте алмайтынымыз өкінішті

Керменбаев экс-сүйіктісін есіне неге жиі алып жүр?

Жұлдыз Әбдікәрімова тарихи фильмде басты рөлді сомдауы мүмкін

Әріптестері Төреғалидің тойды тікелей эфирден көрсету идеясын сынап тастады

Талқылау