Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Sulpak компаниясы емендердің кесілуіне қатысты мәлімдеме жасады

Sulpak электронды жабдықтар дүкені ауласындағы қызыл кітапқа енген емендердің кесілуіне қатысты алматылықтарға түсініктеме берді. Дүкен өкілдері ұзақ уақыт бойы үнсіз қалуларының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Соңғы күндері біздің сауда маркасымен көршілес аумақта болған оқиғаның кесірінен біздің брендке қысым жасалды. Біз Алматының тұрғындары ретінде және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін компания ретінде бұл оқиғаға алаңдап отырмыз. Алматы қаласының әкімдігі алдын ала нәтижелерді жариялағаннан кейін біз реми мәлімдеме жасауға дайынбыз", - деп жазды компания Facebook-тегі парақшасында. 

"Тиісті органдар заңға сәйкес қылмыскерлерге қатысты шараларды қабылдайтынына сенімдіміз. Біз халықтың жанайқайына қосыламыз және қала экологиясын жақсарту үшін әкімдікпен бірлесе отырып жұмыс істеуге дайын екенімізді айтқымыз келеді", - деді электронды жабдықтар дүкені.

Сонымен қатар, олар компания басшылығы Алматы қаласы аумағында және қала әкімдігімен келісілген мерзімде 500 ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады.

Сәрсенбіде Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская Сулпактың кешірім сұраудан бас тартқанын айтты. Сондай-ақ, кеше Sulpak өкілдері әкімдіктің брифингіне қатысудан бас тартқан.

Талқылау