"Suleimen Promotions" компаниясы боксшы Айдос Ербосынұлымен келісімшартын үзді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының ісін жүргізген "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы спортшымен келісімшартын бұзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: suleimen_promotions_official instagram парақшасынан
2018 жылдан бері кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының мансабын жүргізген "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы енді спортшымен жұмыс істемейді. Қос тарап өзара келісіміге келіп, арадағы келісімшартты үзген.
Айдос соңғы жекпе-жегінде ауыр бас-ми жарақатын алып, спорттан біршама уақытқа қол үзген. Тіпті дәрігерлер оған енді мүлдем жұдырықтасуға болмайтынын айтқан. "Suleimen Promotions" боксшыға қанатында болған кездегі жетістіктері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы Нұрсұлтан Жаңабаевпен де жеңілгеннен кейін келісімшартын бұзған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн