Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Суық палатада тарақандар өріп жүр": Маңғыстаудағы жұқпалы балалар ауруханасындағы жағдайға тұрғындар шағымданды

Маңғыстау балалар жұқпалы аурулар ауруханасының пациенттері тарақандар қаптаған суық палатада емделеді. Кішкентай бүлдіршіндерді суықтан тек электр жылытқыштар құтқарады. Оны да үйден әкеледі. Бірақ тарақандардан құтқаратын еш амал жоқ. Медициналық мекеменің басшылығы да шұғыл түрде күрделі жөндеу қажеттігін айтып дабыл қағуда. Бірақ оны бюрократиялық кідірістер тежейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТв арнасына сілтеп хабарлайды. 

актау

Ақтау қаласының тұрғыны Диана Астафурова жұқпалы аурулар ауруханасының қорқынышты жағдайлары туралы айтты.

"Жылытқышты өзіміз әкелдік. Тек соның көмегімен отырмыз. Батареялар жақсы жұмыс істейді, бірақ қабырғалары суық. Сонымен қатар терезеден жел үрлейді. Санитарлар жақсы тазалап, барлығын күніне бірнеше рет жуғанына қарамастан, түнде тарақандар өріп жүреді. Барлық палаталарда жағдай осы", - дейді  Ақтау қаласының тұрғыны Диана Астафурова.

Аурухана басшылығы бұл мәселені жасырмайды. Директордың айтуынша, ол қызметке тағайындалғаннан бері бір жылдан бері ғимаратты күрделі жөндеуден өтізе алмай келе жатыр екен. 

"81 жылдан бастап салынған, ғимарат моральдық тұрғыдан ескірген, сондықтан күрделі жөндеу қажет. 730 миллион толығымен жылытуға және өмір сүруге лайықты жағдай жасауға жетеді. Олар бұл мәселені шешу керек", - дейді Маңғыстау балалар жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Аманбек Жұмыров.

Жобалау құжаттамасындағы шикіліктерге байланысты аурухананы жөндеуден өткізу жарты жылға кейінге қалаған. Биыл облыс билігі оны әзірлеуге ақша бөлді. Бірақ қызмет провайдері шарттарды орындамады, аурухана сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Қазір ЖСҚ дайын. Жергілікті шенеуніктер "шыдамды" жұқпалы аурухананы келесі жылы жөндейді деп сендіреді. Егер бюджетте ақша жеткілікті болса.

Талқылау