Суық сақталады: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет Қазақстандағы 29 ақпан мен 2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбе бойынша көктем келгенімен, еліміздің басым бөлігінде қыстың суық ауа райы сақталады.
"Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болатынына қарамастан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Екі циклон еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне әсер етіп, жауын-шашын, желдің күшеюі және теріс температуралық фон сақталады. Қазақстанның батысында ғана күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріледі", — делінген хабарламада.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ