Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық азамат суға батып бара жатқан қызды құтқару кезінде қайтыс болды: Отбасына медаль табысталды

Кішкентай қыз баланы құтқарамын деп Ертіс өзеніне суға кеткен Марат Рахымжанов марапатталды. Медальді марқұмның отбасына Павлодар облысы ТЖД бастығы табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

марапат куткарушы

"3 тамызда түсте "Жылы жағажайдың" қоғамдық құтқарушысынан жағажай аумағынан ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Мән-жайды анықтау барысында 59 жастағы Марат Рахымжанов суға батып кеткені анықталды. Ол батып бара жатқан 11 жастағы қыз баланы құтқармақ болған. Марат Рахымжанов шомылу белгісінің сыртына ағыс алып кеткен қызды қауіпсіз аймаққа итеріп жіберген. Алайда өзі тереңнен шыға алмай қалған", – делінген хабарламада.

Жағаға шығарылған қызға медициналық көмек қажет болмаған. 5 тамызда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Павлодар қаласының автожол көпірі маңында Марат Рахымжановтың денесін тауып, судан алып шықты.

3 қыркүйекте Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Мейрамбек Батырқұлов марқұм Марат Рахымжановтың отбасына барды. Мейрамбек Батырқұлов марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Марат Рахымжановтың отбасына "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалін табыстады.

Осы шараға марқұмның "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС "Павлодар БП бөлімшесі" басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Оның әріптестері Марат Рахымжановты адал және жауапты қызметкер ретінде сипаттап, жақсы адам екенін айтты.

Талқылау