AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Судья кінәлі”: ШҚО-да жол апатынан қайтыс болған ер адамның отбасы жанайқайын жеткізді

Адам өлімімен аяқталған жантүршігерлік жол апатына судья кінәлі! Шығыс Қазақстан облысында осыдан бір ай бұрын көз жұмған жүргізушінің туыстары осылай дейді. Олар оқиғаға қатысты тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанына сенімді.

"Судья кінәлі": ШҚО-да жол апатынан қайтыс болған ер адамның отбасы жанайқайын жеткізді

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

«Артында шырылдап 6 айлық баласы қалды. Жолдасым жұмыс істемейді. Мен зейнеттемін. Құлыным-ай десеңші, айырылып қалдым», – дейді марқұмның анасы.

Бүкіл әулетіне қамқор болған Әділ Саяновтың туыстары оның бақилық болғанына әлі сенбейді. Бір ай бұрын ол үй-ішімен қоштасып, Глубокое ауылынан Өскемендегі жұмысына бет алған. Алайда орта жолда көлігімен апатқа ұшырап, көз жұмды.

Глубокое – Өскемен тасжолында көлігімен келе жатқан Әділ Саянов шетелдік маркадағы темір тұлпармен бетпе-бет соқтығысқан көрінеді. Жедел жәрдем апат болған жерге 40 минуттан соң жеткен. Өкінішке қарай, Әділді аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Бала тірі жатқан деп айтады. Сол кезде бізге неге хабарламағанын айтамын. Баламның телефоны жатыр. Оның үстіне өзі судья адам. Телефонында біздің нөміріміз жазылып тұр. Соның біреуіне қоңырау шалса ғой, шіркін! Қоңырау шалған жоқ. Өздері бәрін жинап, баланы мәйітханаға өткізіп, жедел жәрдем шақырған», – дейді марқұмның анасы Гүлмира Садықова.

Көз жасын тыя алмай отырған ананың сөзіне қарағанда, Әділдің көлігіне келіп соғылған көліктің тізгіненде Өскемен қаласының судьясы болған.

Келесі күні таңертең оқиға орнына дереу жеткен марқұмның туыстары, қайғылы жағдай тіркелген жерден қан іздері, шетелдік автокөліктің бөлшектері және жол патрульдік полиция қызметкерлерін көрген. Тәртіп сақшыларының күдікті әрекетіне куә болған олар, фактілерді бұрмалау амалдары жасалып жатыр ма деп қалады.

«Бауырымның көлігінің дөңгелегін алып, протекторымен жолдың апат болған жағынан басқа із салған. Сондай әрекеттер жасап жатыр екен. «Неге осылай істеп жүрсіз?» – дегенде, олар: « Қосымша тексеріс жасап жатырмыз. Кеше боран болған, мына детальдар көрінбеген. Күннің жарығымен көріп, қосымша тексеру болады, соны жасап жатырмыз», – деді», – дейді марқұмның әпкесі Динара Сарыпова.

Марқұмның туыстары судьяның қайғылы жағдайдан соң көңіл айтып, кіріп шықпағанын айтты. Қайғыдан қан жұтқан отбасы құзырлы органдарға, облыстық прокуратураға істің ақ-қарасын анықтауды өтініп, шағым түсірген. Бірақ, мардымды жауап болмаған.

«Себебі басынан бастап бізді шақырмады. Мәйітті тануға шақырмады, мәйітханада жатқанда көрсетпеді. Баланың денесін үшінші күні бір-ақ алдық», – дейді марқұмның әпкесі Динара Сарыпова.

«Ол өз жолымен келе жатқан. Боран болып тұрды ғой. Айыппұл деген болмайтын. Жақсы жүргізеді», – дейді марқұмның әйелі Әйгерім Қинашева.

Жол апатына ұшыраған көліктің бірі судьяға тиесілі болғанын, оның әріптестері де растап отыр.

«Жол апатынан кейін судья ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Судьяның өкілеттілігі уақытша тоқтатылған», – дейді ШҚО сотының судьясы Назгүл Рахметуллина.

Соқтығысқан көліктің бірінде судья болған соң, Әділдің өлімі әділ тергелетініне күмән көп, дейді жақындары. Тергеушілердің не бітіріп жатқанынан әлі бейхабармыз. Әділдікті журналистер арқылы талап етуден өзге амал қалмады, деп налиды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр