Суды тамаққа дейін және тамақтан кейін ішудің зияны бар ма?
Көптеген адамдарды суды шай мен тамақтан бұрын ішу керек пе, жоқ па деген сауал мазалайды. Қай кеңесті болмасын ашып қалсаңыз, судың асқазан сөлін сұйылтып, ас қорытуға кедергісін тигізеді дегенді оқуға болады. Онда суды қалай және қашан ішкен дұрыс?
Дене бітімі мен денсаулығына жіті мән беретін адамдардың көбісі суды тамаққа дейін де, тамақпен қатар да, және бірден тамақтан кейін де су ішпейтін болып шықты. Кей диетологтар суды тамаққа дейін ішіп алудың қауіпі жоғары дейді. Алайда бұл пікірді жақтаушылар сөздеріне ғылыми тұрғыдан нақты дәлел келтіре алмайды.
Шынында су асқазан сөлін сұйылтып жібере ме? Бұл жағдай қанша мөлшерде су ішкен кезде болады?
Бірінші медициналық университеттің қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Алексей Умрюхиннің айтуынша, асқазан сөлін сұйылту оңайшылықпен орын алмайтын нәрсе екен. Организмде өзінің қосымша қоры болатындықтан, сіз қанша литр су ішсеңізде ол ас қорытуға титтей де зиянын тигізбейді.
Шын мәнінде ғылым суды тамаққа дейін, тамақ кезінде және тамақтан кейін де ішуге тыйым салмайды. Егер сіз арықтағыңыз келсе, онда тамақ алдында бір стакан су ішуге болады. Су сондай-ақ, аштық сезімінен арылтуға да көмектеседі. Физиологтардың айтуынша мөлшерден тыс суды іше беруге болмайды. Адам тек қалаған кезінде ғана тұтынғаны абзал.
Оқи отырыңыз:
Пайдалы кеңестер: Тіс тазалау кезіндегі 8 қателік
Финики құрмасының пайдасы: Сұрпы мен ерекшеліктері
Анар, банан және құрма: жемістердің пайдасы мен оларды дұрыс таңдау әдісі
Денсаулығыңызға зиян келмеу үшін құлпынайды қалай дұрыс таңдау керек?