Су жаңа Туризм және спорт министрі ант берді
Кеше ғана Туризм және спорт министрі болып тағайындалған Ербол Мырзабосынов Қазақстан халқына ант берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Скриншот: youtube.com/PrimeMinister_kz
Бұған дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған Ербол Мырзабосынов жаңа қызметке кірісер алдында ант берді.
"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз отаным Қазақстанның экономикалық және рухани ісінің дамуына барлық күш қуатымды, білімімді жұмсауға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық әс-әрекетімде заңды, әділ, азаматтық принциптерді ұстануға Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант беремін", – деді жаңа министр.
Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан республикасының туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен

