Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқыны салдарын жою: Еліміздің әр аймағында жанармай қоры дайындалды

Қазір төтенше жағдайды жою үшін іске қосылған Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері, әкімдіктер басым тәртіппен жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі.

Фото: gov.kz

Сондай-ақ өңірлерде мынадай отын қорлары дайындалды:

  • 3,4 мың тонна көлемінде АИ-80, АИ-92, АИ-95 автобензиндері;
  • 7,3 мың тонна көлемінде жазғы және қысқы дизель отыны;
  • 44,8 мың тонна РТ және ТС-1 авиаотыны;
  • 2,3 мың тонна көлемінде мазут отыны.

Еліміздің 20 өңірінде 111 бензин тасымалдаушы іске қосылды немесе аймаққа байланысты 1-18 сағатта ЖЖМ жеткізуге дайын. Қажет болған жағдайда бензин таситын көліктердің саны артады.

Қорғаныс министрлігі (Ақтөбе және Көкшетау қалалары) үшін қосымша ЖЖМ көлемі 97 мың литр авиаотын; Атырау облысы әкімдігіне (Атырау және Құлсары қалалары)171 мың литр дизель отыны және 24 мың литр АИ-92 бөлінді.

Ел бойынша ЖЖМ қорлары 1-1,5 айлық қажеттілікке сәйкес келеді және оларды Атырау және Павлодар МӨЗ үздіксіз, Шымкент МӨЗ жоспарлы жөндеуде толықтырады.

МӨЗ аумағынан қар уақытылы шығарылды, өндірістік кәріз желісі тазартылды, су тасқынына қарсы біліктер қалпына келтірілді.

Атырау МӨЗ және оның мердігерлік ұйымдары Атырау маңында, Жайық өзенінде және МӨЗ айналасында тәулік бойы жағалауды нығайту, металл конструкцияларын күшейту, жалпы ұзындығы 3 км және биіктігі 2,5-3 метр бөгеттер мен біліктер тұрғызу жүргізіліп жатыр.

Ірі өндіруші жер қойнауын пайдаланушы компаниялар су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, зардаптарды жоюға көмек көрсетеді. Атап айтқанда, компаниялар 544 арнайы техника бөлді, 2000-нан астам компания қызметкерлерінің су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды, қаржылық көмек түрінде 12,5 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясының Қазақстандағы филиалы Бөрлі ауданының тұрғындары үшін өз қаражатына 100 жаңа үй салу туралы бастама көтерді.

Сондай-ақ компаниялар эвакуацияланған халықты вахталық лагерьлер мен жатақханаларға көшіруге және орналастыруға көмек көрсетеді.

7 жер қойнауын пайдаланушы қаржылай көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Талқылау