Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқыны кезінде азық-түліктің бағасын көтерген 17 кәсіпкер жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында ірі сауда нысандары мен жергілікті дүкендерді тексеру кезінде саудагерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп жібергені анықталды. Ақтөбе облысының әкімдігі болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

“Жүргізілген мониторинг барысында кәсіпкерлер төтенше жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені анықталды. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар қабылданды. Қазірг 204-бап, 4-тармақ бойынша (ӘМАТ-қа сауда үстемесінің асып кетуі) 17 сауда субъектісі жауапқа тартылып, оның ішінде 2 субъект төтенше жағдай жарияланған аудандарда болғаны анықталды. Бұдан басқа, аудандардағы тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік істер қаралып жатыр”, – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.



Су тасқыны кезінде бүкіл өңір бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Рейдтік іс-шаралар ірі сауда объектілері мен үй маңындағы дүкендеріне де жүргізіледі.

Бұған дейін Омбы қазақтары Петропавлға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберген еді.

Талқылау