Су тасқыны қаупі: Төтенше жағдай министрлігі төрт облысты бақылауға алды
Наурыз айының басынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар елді мекендерді су басу қаупін барынша азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Төтенше жағдай министрлігі
Наурыз айының басынан бастап 4 миллион текше метр су сорылып, 658 мыңнан астам қапшық және 45 мың тоннаға жуық инертті материалдар төселді. Сондай-ақ 842 мың метрден астам арықтарды тазарту жұмысы жүргізілді.
“Қазір бірнеше су басқан аумақтар бақылауда. Ақмола облысының Астрахан ауданы Жаңатұрмыс, Колутон, Старый Колутон, Ягодное және Атбасар ауданы А.Құрманов ауылдарында 69 жеке тұрғын үйді, ал Бұланды ауданы Новобратское ауылында 29 аула аумағын су басқан”, – делінген хабарламада.
Жолдар шайылып, 14 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Сондай-ақ су тасқыны кезеңінде 383 адам эвакуацияланды, оның 10-ы уақытша орналастыру пункттерінде, ал 159 эвакуацияланған адам туыстарының қасында тұрады. 214 адам үйлеріне оралды.
Қазір төрт аймақ бақылауда төтенше жағдай министрлігініңбақылауында:
- Ақмола;
- Солтүстік Қазақстан;
- Шығыс Қазақстан облыстары;
- Абай облысы.
Алайда, мұнда су тасқыны мен су басу қаупі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір төмен.
Сонымен қатар бірнеше су басқан аумақтар бақылауда: Ақмола облысының Астрахан ауданы Жаңатұрмыс, Колутон, Старый Колутон, Ягодное. Атбасар ауданы А.Құрманов ауылдарында 69 жеке тұрғын үйді, ал Бұланды ауданы Новобратское ауылында 29 аула аумағын су басқан.
“Көптеген өзендерде су деңгейі төмендеп жатыр. Ал су тасқынына әкелуі мүмкін қар жамылғысы Шығыс Қазақстан облысының биік таулы аймақтарын қоспағанда, бүкіл аумақта еріп кетті”, – деп мәлімдеді министрлік.
Бұған дейін Қазгидромет үш өңірде су деңгейі қатты көтерілетінін ескерткен еді.