Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқыны басталғаннан бері 160-тан астам үйді су басты

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су басу

“Су тасқыны басталғаннан бері Түркістан, Павлодар, Абай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 162 тұрғын үй, 3 ғимаратты және 20 саяжай үйін еріген қар және жаңбыр суы басты. Барлығы 957 адам эвакуацияланып,  5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды”, - деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин.

ТЖМ өкілінің сөзінше, бүгінгі таңда Қобда ауылында 79 үй және 3 ғимарат, Ойылда 5 үй су астында.

“Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 13 тұрғын үй су астында қалып отыр. Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесін су шайып жатыр. Ақтөбе облысында уақытша эвакуациялау пунктері мен туыстарына 311 адам орналастырылды, тұрғылықты жеріне 646 адам оралды”, - деді Қаһарман Оразалин. 

Талқылау