Су басу қаупі бар: Көлсайға апаратын жолдар жабылып жатыр
Топырақ көшкіні Көлсай өзені аңғарын жауып тастаса, осы аймақты су басуы ықтимал. Мамандар соңғы 50 жылда Қазақстанда мұндай апат болмаған дейді, деп хабарлады КТК.
“Тау топырағы өзеннің арнасын жауып тастауы мүмкін. Ал өзен суы басқа жолдармен ағуы да ықтимал. Содан топырақ массасы өзен суымен шайылады. Біз су өткізуді эвакуациялық канал арқылы қамтамасыз етсек дейміз. Бұл орайда жарылыс жұмыстары қолданылуы мүмкін”, – дейді ҚР ІІМ вице-министрі дейді Юрий Ильин.
Қазір оқиға орнында жергілікті билік өкілдері, күштік құрылымдар мен құтқарушылар жүр. Олар тау бөктерлерін жан-жақты зерттеп, апаттың алдын алуға тырысуда. Қазірдің өзінде опырылған жердің ұзындығы 1700 метр, ені 900 метрге дейін жеткен. Топырақ көшкінінің көлемі 50 млн. текше метрді құрап отыр.Тау топырағы Көлсай өзенінің аңғарына қарай бағыт алған. Құтқарушылар көшкінді екі аймаққа:оңтүстік және солтүстік деп бөліпті. Көлсай өзені арнасына жақындаған оңтүстік аймақта тау жыныстары біршама баяу жылжып келеді екен.
Солтүстік аймақта көшкін өзенге жету үшін небәры 60 метр қалған. Осыған байланысты оқиға орнында тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Төменгі Көлсай көлдеріне апаратын жолдар жабылды. Тау массасының қозғалысы сағат сайын бақыланып, бұл аймаққа қажетті техника жұмылдырылды. Еске салсақ, 19 сәуірде Алматы облысына қарасты Кеген ауданы, Саты ауылында тау жылжып, сол маңдағы малшының үйін басып қала жаздаған. Алайда, ондағы тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді.
Тағы оқыңыз:
“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша берілетін жеңілдетілген ипотека тоқтатылады
Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)
Айлық жалақы 6000 доллар: Еуропаны бағындырған қазақстандық бас аспаз үйіне оралғысы келеді
Алматы облысының тұрғындары Көлсайдағы тау көшкінін видеоға түсіріп алды