Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Студиядан шығып кетті": Тележүргізуші Тахир бағдарламаға келген азаматтың тағдырын естіп жылап қалды (видео)

Тележүргізуші Тахир Сұлтан бағдарламаға келген қонақты тағдырын естіп, көз жасына ерік берді. Өзін ұстай алмаған тіпті тікелей эфирде студиядан шығып кетті. 

"Кел, татуласайық" бағдарламасына келген Тоқтар Жанқоразовтың тағдырын естіп жылап қалған көрермен көп. Тоқтар мырзаның өзі де анасының денсаулығы жайлы айтып, көзіне жас алды. Бұл сәтті жүрегіне жақын алған бағдарлама жүргізушісі студиядан шығып кетті. Кейін көпшіліктен кешіріп сұрап, қайта келді. Бағдарлама барысында да ауыр тағдырды есті отырып, көзіне жас алды. 

Бұған дейін Тараздан келген тұрғын Тоқтар мырзаның анасың 4 жылдан бері жалғыз қарап келгенін айтты. 40 жасқа келген азамат анасына қарайлаймын деп өзі де үйленбей қалғанын айтады. Анасын бір сәтке де тастап кете алмайды. Пәтер жалдап тұрады. Анасының зейнетақысы мен мүгедектікке төленетін 19 мың теңгеге күн көріп отыр.

"Анамның зейнетақысы көтеріліп, биылдан бастап 109 мың теңге алатын болды, оған қоса 19 мың теңге мүгедектік жәрдемақысы бар. Пәтер жалдап тұрамыз, дәрі-дәрмекке көп ақша кетеді. Мен жұмыс істемеймін. Анамды бір сәтке де қалдыра алмаймын. Кез келген уақытта қан қысымы не түсіп кетеді, не көтеріліп кетеді. Күндіз-түні анамның қасындамын. Қарызым 2 миллионнан асып кетті. Әбден тығырыққа тірелдім. Ағайындарым қарайласпайды. Анамды жылы үйде баққым келеді. Сол үшін көмек сұрап келіп отырмын", - деді Тоқтар Жанқоразов. 

Тоқтар мырза анасының бір сөзін естуге зар. Анам маған айқайлап ұрысса ғой деп жылады. 

"Сіздердің аналарыңыз бар. Сондай бақыттысыздар. Аналарыңыз сөйлей алады. Мен анамның бір сөзіне зармын. Маған ұрысса екен деймін. Кейде түс көрем. Түсімде ылғи анам сөйлеп жүреді. Бұрынғыдай жүріп жүреді. Оянып кетсем, төсекте жатады. Тағы да жылаймын. Кейде елес пе, түс пе, бір кісі келіп басымнан сипап кетеді. Кейде анамның өзі келіп, басымнан сипайды. Осылай жатып оянып кетем", - дейді ол.


"Анамды қатты жақсы көрем": Мүгедек анасын жалғыз бағып отырған Тараз тұрғыны тізерлеп тұрып жылады (видео)


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр