Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студентті өлтірген адам 41 жылдан кейін сағыздың арқасында қолға түсті

1980 жылы 19 жастағы қызды өлтірген АҚШ-тан келген 60 жастағы қылмыскер сағыздың арқасында ұсталып, кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CNN

Орегондағы Маунт-Худ колледжінің студенті Барбара Такер 1980 жылы 15 қаңтарда ұрланған. Келесі күні оны колледждің автотұрағынан сабаққа бара жатқан студенттер тауып алды. Полиция оның зорланғанын, содан кейін соққыға жығылғанын анықтады. Такер алған жарақатының ауырлығынан көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, бір күн бұрын жол бойында киімі қанмен ластанған қыз адамдарға қол бұлғаған. Кейбір куәгерлер оның қасында ер адам болғанын мәлімдеді. Оқиға орнынан жиналған айғақтар мен дәлелдерге қарамастан, Такердің ісі 41 жылдан астам уақыт бойы шешілмей келген.

Фото: CNN

ДНҚ тестілеу әдістерін қолдану арқылы, тергеушілер болжамды қылмыскердің ДНҚ профилін жасады. Әйгілі криминалист CC Мур бірнеше жыл бойы шабуылдаушының биологиялық деректері мен ДНҚ деректер базасы арасындағы сәйкестік іздеді. Атап айтқанда, ол оның Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарын тапты. Сонымен қатар, ол қылмыскердің шашы қызыл екенін анықтады.

"2021 жылы Роберт Плимптонмен байланысқа шықтық. Ол қазір 60 жаста. Ер адам үнемі бақылауда болды. Ақырында тергеушілер Плимптон жерге түкіріп тастаған сағызды алып, одан ДНҚ үлгісін жасады. Ол Такердің денесінен табылған биологиялық материалдарға сәйкес келді. 2021 жылдың 8 маусымында ер адам қамауға алынды", - делінген тергеушілердің хабарламасында. 

Ол осы жылдың сәуір айында кінәлі деп танылды. Алайда Плимптон кінәсін мойындамайды және оның адвокаттары үкімге шағымдануға ниетті екенін айтты.

Талқылау