Студентті коронавирусқа тексеруден бас тартқан дәрігерлер оның өліміне себепші болды
АҚШ-тың Мичиган штатында дәрігерлер студентті коронавирусқа тексеруден бас тартқан. Соның салдарынан жас жігіт індеттен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы The Detroit News басылымы жазды.
25 жастағы Бесси Оффионг инженер-химик мамандығының соңғы курсында оқып жүрген. Оның әпкесі Асаридің сөзінше, соңғы кездері інісі дене қызуы көтеріліп, демікпе мен шаршаңқы күйін айтып, шағымданып жүріпті. Ол бірнеше рет бауырына ауруханаға бар деп кеңес берген. Алайда Бесси дәрігерлердің оны қараудан бірнеше мәрте бас тартқанын жеткізіпті.
Дәрігерлердің қарауында болған студентті мамандар бронхитке шалдыққан деп үйіне қайтарып жіберіпті. Алайда оның жағдайы асқынып кеткен кезде ғана медицина қызметкерлері оны жансақтау бөліміне жатқызып, науқастың коронавирусқа шалдыққанын анықтапты. Ал 28 наурыз күні Бесси аурудың кесірінен көз жұмған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді