Студент WhatsApp арқылы жолдаған хаты үшін өлім жазасына кесілді
Пәкістан соты 23 жастағы студентті WhatsApp арқылы жолдаған хаты үшін "Құдайға тіл тигізді" деп айыптап, өлім жазасына кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Пенджаб провинциясының сотының мәліметінше, студент мұсылмандардың діни сеніміне тіл тигізу мақсатында фото және видео бөліскен.
Дәл осы іс бойынша 17 жастағы жасөспірім өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бірақ екеуі де өз кінәларын мойындаған жоқ.
Аталған дерек бойынша 2022 жылы Пәкістан федералды тергеу агенттігінің киберқылмыспен күрес бөлімі арыз түсірген. Сот шешіміне сәйкес 23 жастағы ер адам Мұхаммед пайғамбар мен оның жұбайын қорлайтын фото және видеоны бөліскен. Ал екінші айыпталушы материалды тарату дерегі бойынша айыпталды.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Арызданушының сөзінше, бұл суреттерді ол үш түрлі нөмірден алған. Киберқылмыспен күрес бөлімі арызданушының телефонын тексеріп, оған "әдепсіз материалдар" келгенін растапты. Ал айыпталушылардың адвокаты олардың "қақпанға түсіп қалғанын" айтқан.
Өлім жазасына кесілген студенттің әкесі Лахордағы жоғары сотқа аппелациялық шағым түсіретінін хабарлады.
Құдайға тіл тигізу бабы 1980-жылдары Үндістандағы британ басшыларының бастамасымен енгізілді. Бұл кезде Пәкістанда әскери үкімет болған. Мұнда Құдайға тіл тигізу бабы бойынша өлім жазасы қарастырылған. Кейбірін іс сотқа жетпей тұрып та өлтіріп тастаған.