Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студент қыз сүйіктісіне жүздеген қағаз ақшадан жасалған гүл шоғын тарту етті (видео)

Таиландта студент қыз сүйіктісіне қағаз ақшадан жасалған гүл шоғын тарту етті, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: rusalochka.asia

Бойжеткен сүйіктісінен туған күніне қандай сыйлық қалайтынын бірнеше рет сұраған.

«Ол ер адамға арналған кез-келген затты алып беруімді сұрады. Ал мен не сыйларымды білмедім. Себебе ер адамға арналған зат өте көп. Сол кезде осындай ой келді», – дейді бойжеткен.

Мұнан кейін студент қыз банктегі есепшотынан 100 мың батты (1 миллион теңгеден аса) ұсақ ақша түрінде шешіп алып, гүлдерді безендіретін маманға алып барыпты. Ол жүздеген қағаз ақшадан гүл шоғын жасап берген.

«Мұның бәрі сүйіктім үшін ғажап тосын сый болды. Ол өзіне қымбат сыйлық керек емес екенін айтқан. Бірақ мұны маған жаны ашып айтқан болар. Ал мен оның ерекше жан екенін көрсеткім келді», – дейді студент қыз.

Оның сөзінше, гүл шоғы сүйіктісінің ғана емес, мейрамханадағы достарының барлығының көңілінен шыққан.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та жүкті ер адам әйелімен ажырасып, балаларының мұғаліміне үйленіп алды (фото)

Метрода бір-бірінен аумайтын 3 ер адам кездейсоқ кездесіп қалды

Қытайда 20 сағат бойы ойын ойнаған жігіт жүре алмай қалды (видео)

Танымал қазақстандық кәсіпкер жетістікке жетудің жолдарын айтты

Талқылау