Степногорскте апат салдарынан -30 градус суықта он шақты үй жылусыз қалды
7 желтоқсанда Степногорск қаласындағы Славского және Целиноград көшелерінің қиылысындағы Д-600 жылу магистралінде ақау орын алды. Апат салдарынан бірқатар көпқабатты үйлер жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Сағат 21:45-те магистральде апат болып, тұрғындар жылудан ажыратылды. Степногорскте ауа температурасы -30 градусқа дейін жетеді.
Оқиға орнына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнайы келіп, оқиғаның мән-жайымен танысты.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевпен бірлесіп, төтенше жағдайларды жою штабын құрды.
"Оқиғаның мән-жайы анықталды, қазір апатты жою үшін жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан барлығы бақылауда", – деді Марат Ахметжанов.
Қазір апат орнында "Степногорск жылу транзит" ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр. Шенділер тұрғын үйлерге жылу жақын арада беріледі деп уәде етті.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”