Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Степногорскте ағасын пышақтап өлтірген ер адам полицияға өз еркімен келген

Степногорскте психиатриялық есепте тұрған ер адам ағасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пышақ

10 тамызда полиция басқармасына келген ер адам өз ағасын өлтіргенін айтқан.

"57 жастағы ер адам үйінде болған кезде 59 жастағы ағасына пышақ жарақаттарын салғанын айтты. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы ер адамның алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырғанын анықтады. Полиция басқармасы аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша тергеу бастады", – делінген хабарламада. 

Күдіктінің 20 жылдан бері психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды. Оқиға орнында ас үй пышағы тәркіленді. 

Тергеу шаралары кезіндле күдікті уақытша ұстау изоляторында болады. Сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамалар тағайындалған. 

Талқылау