Степногорск қаласында екі 45 пәтерлі тұрғын үй салынады
Құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру облысымыздың негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Биыл Степногорск қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында несиелік екі 45 пәтерлі тұрғын үйді салу жоспарлануда.
Осы жобаларды іске асыру ауданы 6,2 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз етеді.
"Қаладағы Солнечный шағынауданында жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін су және жарықпен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Аталған жобаларды жүзеге асыру жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 168 жер учаскесін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл ауқымды көлемде қаладағы жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың басым мәселесін шешеді" - деп хабарлады қаланың құрылыс және сәулет бөлімі.
Облыс орталығында жыл соңына дейін 23 көппәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама бойынша 2021 жылы 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Ақмола облысы "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" атты мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күні өңіріміз бұл бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бесінші орында.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
