Стенд атудан Париж олимпиадасына қатысқан спортшымыз әлем кубогінде бақ сынайды
Париж олимпиадасының қатысушысы Әсем Орынбай әлем кубогінің супер финалында бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
13-18 қазан аралығында Үндістан астанасы Делиде спорттық атудан әлем кубогі кезеңдерінің супер финалы өтеді. Аталған финалға стенд атудан Қазақстан құрамасы сапынан Әсем Орынбай жалғыз өзі жолдама алды. Орынбай стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша сынға түседі. Әлемнің ең үздік спортшылары бақ сынайтын додада ел намысын жалғыз Әсем қорғап, үздіктер қатарынан көрінуге тырысады.
Айта кетелік, қазақстандық спортшы биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, Олимпиада төрінде Әсемге жүлделі орын бұйырған жоқ.
Талқылау

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазіргі субсидиялау жүйесі тиімсіз

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі