Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы бостандыққа шықты

Жемқорлық үшін сотталған Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты. Ол түрмеде 5 жыл отырып шықты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Мешімбаеваның туыстарының айтуынша, ол бостандыққа 5 ақпанда шыққан. Агенттіктің бұрынғы басшысы жазасын бес жыл өтеді.

“Ол өз жазасын толық өтеді”, — деді телефон арқылы туысы.

Анар Мешімбаева 2014 жылы 14 ақпанда сотталды. Сот экс-шенеунікті бюджет қаражатын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі мәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеді.

Сондай-ақ Мешімбаева бес жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында қабаған иттер 7 жасар баланы талап тастады

БҚО-да көпбалалы отбасы 18 жылдан бері мемлекеттен үй ала аламай жүр (видео)

Алматылық жігіт Атырауда жезөкшелер үйін ашқан

Алматыда 23 жастағы әйел дәрігерге кетіп, үйіне оралмаған

 

Талқылау