Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz оқырмандары еліміздегі алғашқы онлайн-диктантқа қатысуда

Бүгін Stan.kz сайтында онлайн-диктант өтуде. Жазба жұмысы басталғалы бері бір сағат болмай, 100-ден астам адам өз сауаттылығын тексеріп үлгерді.

15 желтоқсанда таңғы сағат 8:00 мен 20:00-ге дейін қазақстандықтар онлайн-диктантқа қатысып, қазақ тілінде сауатты жазу деңгейін тексере алады. 

ОНЛАЙН-ДИКТАНТ

Жазба жұмысының толық ережелерін мына жерден тексеруге болады

Айта кетейік, бұл Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан тұңғыш онлайн-диктант болып табылады. Сіз еліміздің кез келген аумағында тұрып, интернетіңіз бен компьютер немесе смартфон арқылы жазба жұмысына қатыса аласыз. Бұған қоса, диктантты тек жазып қана қоймай, смартфон ұтысына қатыса аласыз.

Бізді қолдағандар: Huawei компаниясы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары мен Алматы облысының әкімдіктері, Алматы метрополитені, "Алматы", "Еуразия", "Қазақстан" арналары.

Ал сіз онлайн-диктантқа қатыстыңыз ба? Сертификатыңызбен бөлісер кезде бізді белгілеуді ұмытпаңыз 

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Желтоқсан, 2020 08:45
Талқылау
Пікір
Таубаева Жумагул
09 Жел, 21 жыл - 18:36

Бұл диктант кәдімгі дәптерге қаламмен жазылама? қалай тексереді сол қызық болып тұрғаны??.